Жұмыс кеңесі өткізілді

Жұмыс кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Шығыс Қазақстан облысы 
Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін  реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімдерінің басшыларын қабылдау кестесін іске асыру мәселелері талқыланды. Әрбір атқарушылық іс жүргізу бойынша есептілікті қамтамасыз ету, сот актілерінің орындалуын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сот орындаушылары қызметінің негізгі бағыттары бойынша ай сайынғы есептілікті қалыптастыру тәртібі талқыланды. Бөлім мамандарының аумақтық бөлімдерден ұсынылатын есептерді қабылдап, олардың толықтығы, дұрыстығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуі қажеттігі назарға жеткізілді.
Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды. Бақылау іс-шараларының онлайн форматта жүргізілетіні, тексерілетін жеке сот орындаушыларымен тікелей өзара іс-қимыл жасалмайтыны, сондай-ақ тексерулердің белгіленген мерзімдерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша атқарушылық тәртіпті нығайтуға, бақылау тиімділігін арттыруға және қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.