Заңды тұлғаларды тіркеу мәселелерін талқылау

Заңды тұлғаларды тіркеу мәселелерін талқылау

19 қарашасында Алтай ауданаралық әділет басқармасының басшысы Мейрлен Кайратовтың халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Саят Алиевпен заңды тұлғаларды тіркеу қызметі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Іс шараның мақсаты – әдістемелік және құқықтық түсіндіру көмегін көрсету.

Құжаттарды қабылдау, қызметтерді төлеу мөлшерлемелері және т.б. бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

Мейрлен Кайратов әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 460 және 466-баптары бұзылған жағдайда азаматтарды ақпараттандыру мәселесін де қозғады.

 ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі