17-19 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті онлайн режимінде аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (ауылдық) округтер әкімдіктерінің нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдарының аттестаттау комиссиясының отырысын өткізді.
Барлығы 98 лауазымды тұлғалар шақырылды, оның ішінде: Алтай ауданы - 5, Аягөз ауданы – 15, Катонқарағай ауданы - 4, Бесқарағай ауданы – 6, Бородулиха ауданы – 4, Көкпекті ауданы – 6, Глубокое ауданы – 3, Зайсан ауданы – 5, Жарма – 10 Тарбағатай ауданы - 8, Семей қаласы - 9, Ұлан ауданы – 1, Шемонаиха ауданы – 5, Үржар ауданы – 16 және Жарма ауданы – 16.
Аттестаттау қорытындысы бойынша 94 лауазымды тұлғаға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы берілді.
Нотариаттық іс – әрекеттер жасау құқығы берілмеген немесе аттестаттаудан өтпеген - 4 лауазымды тұлға.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі