«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментімен, облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қаласының №3 бөлімінде «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Іс-​шараның мақсаты — азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру және тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру.
Акция барысында тұрғындар мұрагерлік пен алимент өндіру, тұтынушылардың құқығын қорғау, атқарушылық жазбаны рәсімдеу және интернет-алаяқтықтан сақтану сияқты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, білікті мамандардан жауап алды. 
Іс-шара соңында Әділет департаментімен азаматтарға сауалнама жүргізілді.