Республикалық «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Республикалық «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының нотариустары, адвокаттары, заң консультанттары және жеке сот орындаушыларының қатысуымен халыққа тегін заң көмегін көрсету және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында республикалық «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Акция Шығыс Қазақстан облысының барлық қала және аудандарында өткізілді.
Облыс орталығында акция Өскемен қаласындағы «ADK River» және «Император» ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылды.

Акция барысында облыс тұрғындарына өздерін қызықтырған мәселелер бойынша білікті құқықтық көмек көрсетілді. Мамандар Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, қолданыстағы заңнама ережелерін, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру тәртібін түсіндірді.

Азаматтардың негізгі өтініштері еңбек және жер заңнамасы, мұраны рәсімдеу, сот актілерін орындау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, салық салу мәселелері және өзге де құқықтық мәселелерге қатысты болды.

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүгінген азаматтарға цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтау және жеке деректерді қорғау қажеттілігі түсіндірілді.

https://www.instagram.com/reel/DaAODfPIlt1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==