"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Іс-шара Нотариаттық палатасы, Адвокаттар алқасы, Заң консультанттары палатасының және облыстың Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Акция барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары, азаматтардың негізгі конституциялық құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті ресімдеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу, азаматтық хал актілерін тіркеу, банкроттық, алимент өндіру және өзге де мәселелер бойынша консультациялар берілді.
Бұдан бөлек, интернет-алаяқтықтың және өзге де алаяқтық әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара аясында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.