«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаттарымен бірлесіп «Ана үйі» қоғамдық қорының «Ана Үйі» ресурстық орталығында «Тегін заң көмегін көрсету күні» акциясы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға заң көмегін көрсетті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі нормалары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері түсіндірілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу, алаяқтардың кең таралған тәсілдері және олардан қорғану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында білікті заң көмегі көрсетіліп, алимент өндіріп алу, некені бұзу, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

https://www.instagram.com/reel/DZ4I1vnIfqG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==