
18-19 маусым күндері Өскемен қаласында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жетекші сарапшыларды, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктірген «PRO Cyt 26», «PRO Et 26» 5- ші халықаралық форумы мен «Qazaq Sut» мамандырылған көрмесі өткізілді.
Форум аясында қатысушылар сүр саласын дамыту, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, бал өнімдерін өндіру және экспортау, заманауи тәжірибелерді енгізу, шаруашылықтарды басқарудың цифрлық технологиялары және өнімдерді қайта өңдеу перспективаларының өзекті мәселелері талқыланды.
Форумға мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері, инвесторлар мен түрлі елдерден келген сарапшылар жиналды.
«Qazaq Sut» көрмесінде - Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне тіркелген өнімдер де қойылды. Бұл Шығыс Қазақстанның бәсекеге қабілетті тауар өндіре алатының жарқын дәлелі болды.
Форумның өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, инвестициялар тартуға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DZxyJuGoGy3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==