Әділет департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ ҚАЖК №24 мекемесіне баруын ұйымдастырды.

Әділет департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ ҚАЖК №24 мекемесіне баруын ұйымдастырды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және олардың жолын кесу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №24 мекемесіне (тергеу изоляторы) баруын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – заң бұзған адамдардың қандай жағдайда ұсталатынын көрсету, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу.

Іс-шараға қатысушылар қылмыстық заңнаманы бұзды деген күдікпен ұсталған адамдардың ұстау жағдайларымен танысып, тергеу изоляторының камералары мен серуендеу алаңдарын аралады.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшылығы мұндай іс-шаралар тиімді профилактикалық құрал болып табылады және мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға ықпал етеді деп есептейді.