
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен облыстық ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының аумағында өндірілетін және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне тіркелген өнімдерді әлемдік нарықта танылуын арттыру, оларды ішкі және сыртқы нарықтарда дамыту, тауарлардың ұлттық брендін дамыту мақсатында өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында өнімдерді сауда желілерінде, нарықтарда кеңінен қолдану жағдайларын қамтамасыз ету, географиялық нұсқама өнімдері өндірілетін аймақтарда туристтік маршрутты дамыту және т.б. мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылармен Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар дамуға жасалған қадамдар әрбір азаматқа қатысты екенін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ ел өміріне қатысу мүмкіндіктеріне тікелей әсер етітіндігін және мемлекеттің дамуына үлес қосуына ықпал ететіндігі талқыланды.