
Саматова Арайлым Саматқызы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы қарашадан бастап қызмет атқарады.
2025 жылғы 6 қарашадан 2026 жылғы 15 сәуірге дейін сот орындаушыларының қызметін бақылау және реттеу бөлімінің жетекші маманы лауазымында қызмет атқарды.
2026 жылғы 15 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін сот орындаушыларының қызметін бақылау және реттеу бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келеді.
2004 жылғы 12 қазанда Өскемен қаласында дүниеге келген.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдап, жоғары білім алғаннан кейін мемлекеттік қызметке қабылданды.
Бос уақытында пилатес және йогамен айналысады.
Жаңа білім алып, үнемі дамуға ұмтылады.