
Ағымдағы жылдың 12 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары түсіндірілді.
Сондай-ақ азаматтарға азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де мәселелер бойынша құқықтық консультациялар берілді.
Интернет-алаяқтыққа қатысты мәселелер бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.
Азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берілді.