Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімімен «Березка» сауда үйінде кәсіпкерлерге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға авторлық құқық, тауар белгілерін тіркеу, зияткерлік меншік объектілерін заңды қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ тауар белгілерін заңсыз пайдалану мәселелеріне және мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түрлеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіпкерлерге құқық иесінің рұқсатынсыз бөтен тауар белгісін пайдалану, сондай-ақ шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді қолдану азаматтық-құқықтық, әкімшілік және кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жеткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.       
Аталған жұмыстар кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған.