Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

2026 жылғы 05 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Мүлік иелерінің бірлестігі», «Пәтер меншік иелерінің кооперативі», «Пәтер меншік иелерінің тұтыну кооперативі» (бұдан әрі – МИБ, ПМИК, ПМИТК) ұйымдық-құқықтық нысандарындағы заңды тұлғалардың басқару органдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру және мемлекеттік қайта тіркеу рәсімінен өту мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында жаңартылған заңнама жағдайындағы МИБ, ПМИК және ПМИТК қызметінің ерекшеліктері, ПМИК пен ПМИТК-ті мемлекеттік қайта тіркеудің тәртібі мен мерзімдері, МИБ-ті тіркеуге, ПМИК пен ПМИТК-ті қайта тіркеуге қажетті құжаттар тізбесі, тіркеуге ұсынылатын жалпы жиналыс шешімдері мен өзге де құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар, қайта тіркеуге құжаттарды тапсыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер, сондай-ақ заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтай құжаттары туралы мәліметтерді өзектендіру мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушыларға туындаған сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріліп, заңды тұлғалардың қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына уақтылы сәйкестендіру жөнінде ұсынымдар айтылды.