
2026 жылдың 4 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен ШҚО прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Махмут А.М., ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шара барысында алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша проблемалық мәселелер, борышкерлерді атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағы үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабын қолдану тәжірибесі, сондай-ақ сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және берешекті өтеу мақсатында борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.
Қатысушылар туындаған проблемалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өндіріп алушылардың құқықтарын қорғау бағытталған ұсыныстар әзірледі.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша аталған бағыттар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.