Әділет Департаменті «Ғасырлық дәстүрлері» атты кілем тоқу және сәндік-қолтаңбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестиваліне қатысты

Әділет Департаменті «Ғасырлық дәстүрлері» атты кілем тоқу және сәндік-қолтаңбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестиваліне қатысты

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған «Ғасырлық дәстүрлері» атты кілем тоқу және сәндік-қолтаңбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестиваліне қатысты.

Фестиваль Шығыс Қазақстан облысында өтіп, оған еліміздің әр өңірінен келген қолөнер шеберлері қатысты.

Іс-шара барысында ұлттық өнердің терең тарихы мен ата-бабадан жеткен қолөнер дәстүрлері кеңінен насихатталды.
Фестиваль аясында ерекше тарихи оқиға тіркелді - Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 2 шақырымдық құрақ көрпе төселіп, әлемдік рекорд ретінде тіркелді. Бұл қазақ халқының қолөнердегі шеберлігі мен ұлттық құндылықтарының жоғары деңгейін айқын көрсетті.

Шеберлер кілем тоқу, құрақ құрау, кесте тігу және сәндік-қолтаңбалы өнердің сан түрлі үлгілерін таныстырып, көпшілікке ұлттық мұрамыздың байлығын паш етті.

Осындай халықаралық деңгейдегі шаралар мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық өнерімізді әлемге танытуға зор мүмкіндік береді.