«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

2026 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Отбасы күні, Аналар күні және Әкелер күніне орай «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ базасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара аясында азаматтар отбасылық және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ құқықтық қорғау мәселелері бойынша мамандардан кеңес алып, қажетті көмек алу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті және Шығыс Қазақстан облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған ынтымақтастық отбасы институтын нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DYW-uRKo5If/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DYXHb18KoRq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==