Ауқымды Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ауқымды Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

2026 жылғы 15 мамырда Өскемен қаласында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен ауқымды Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тиімді байланыс алаңын құру, сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту.

Жәрмеңкеге мемлекеттік органдар мен өңірдің жетекші кәсіпорындары қатысып, өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды. Іс-шараға келушілер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, еңбек жағдайларымен танысып, түйіндемелерін тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері де іс-шараға қатысып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар және конкурсқа қатысу рәсімдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.