
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы және облыстық драма және оперетта театры өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу аясында ұжымдық басқару ұйымдарының қызметі, құқық иелерінің мүдделерін қорғау тетіктері және Бірыңғай цифрлық платформаның II кезеңіне көшу тәртібі жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, цифрландыру аясында авторлар мен құқық иелеріне қолайлы жағдай жасау, ашықтықты қамтамасыз ету және құқықтарды тиімді басқарудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы мен облыстық драма және оперетта театры Бірыңғай цифрлық платформаға ресми түрде тіркелді.