
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Өскемен қаласы әкімдігінің креативті индустрияны дамыту орталығының креаторларымен және «1С» бағдарламасының өкілінің қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары түсіндіріліп, авторлық құқықтарды сақтау, бағдарламалық өнімдерді заңды пайдалану, контрафактілік өнімдердің алдын алу және зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу шеңберінде жасанды интеллекттің авторлық құқыққа әсері туралы талқылау жүргізіліп, жасанды интеллект құралдарын шығармашылықта қалай пайдалану, туындыларды тіркеу және қорғау жолдары қаралды. Жасанды интеллект шығармашылық процесс үшін құрал ғана екені, ал авторлық құқықты сақтау арқылы әр креатор өз туындыларының заңды иесі болып қалатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы ұжымдық басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу, оның авторлар мен құқық иеленушілер үшін маңыздылығы, ашықтық пен тиімділікті арттырудағы рөлі жөнінде ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан авторлық құқықтарды, тауар белгілерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді тіркеу бойынша сұрақтар қойылып, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар берілді.