Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

08.05.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтар, азаматтық хал актілері мен ресми құжаттарға апостиль қоюы саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша семинар өткізді.
Апостиль саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының АХАТ қызметкерлері электрондық апостиль енгізілген елдердің тізімімен, сондай-ақ электрондық апостильді іске асыруға қосымша енгізілген елдермен (Руанда, Кипр) таныстырылды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 285 «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы талқыланды. Аталған бұйрық азаматтық хал актісінің жазбасы болмаған жағдайда, оны АХАТ-тың цифрлық жүйесіне енгізу жөніндегі шараларды тіркеуші органға жүктеуді көздейді. Бұл бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында Департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 4 айы ішінде қашықтықтан тексеру арқылы жүргізілген «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінің мониторинг қорытындылары баяндалды.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.