
06.05.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Өскемен қаласының әкімдігінің «№36 Орта мектебі» КММ-нің оқушыларына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында «Буллинг, кибербуллинг» бойынша дәріс өткізілді.
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі новеллалары түсіндірілді. Буллинг пен кибербуллингке қарсы қолданылатын негізгі ережелер мен заңдар қамтылды.
Дәріс барысында оқушылар буллинг, кибербуллинг ұғымдарымен, олардың салдарымен, түрлері мен формаларымен танысты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі, оқушылар, ата-аналар тарапынан қорқытуға қарсы күрес тәсілдері келтірілді. Қорғау әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ олар туралы хабарлау кезіндегі құпиялылық құқықтары түсіндірілді.
Дәрісті өткізу барысында оқушыларға қажетті консультациялық көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.