Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2026 жылғы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының аумақтық тіркеу бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп, коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында Департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 4 айы ішінде қашықтықтан тексеру арқылы жүргізілген «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінің мониторинг қорытындылары баяндалды. Сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оларды көрсетуден бас тарту және қайтару жағдайлары қаралды.
Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеу кезінде атауында екі ұйымдық-құқықтық нысанның қатар көрсетілуіне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды (мысалы, «Жеке фонд Актай» ЖШС, «МИБ Гранвиа» ЖШС), сондай-ақ ЖШС атауында мемлекеттік органдардың атауларын пайдалануға жол бермеу (мысалы, «ҚР ІІМ ДП АвтоХОЗУ» ЖШС, «ҚР ІІМ ӘПБ АвтоХОЗУ» ЖШС, «Алматы қ. ММ ХОЗУ» ЖШС) мәселелері де талқыланды.
Бұдан бөлек, жоспардан тыс тексерулерді жүргізу және олардың негіздері, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдары, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері қаралды. Анықталған бұзушылықтар бойынша тіркеуші органның қызметкерлеріне тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын сақтау және мұқияттылықты арттыру қажеттігі туралы ескертілді. Сондай-ақ ұйғарымдарды уақтылы орындау мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға қажетті консультативтік-құқықтық көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.