Халықпен кездесу өткізілді

Халықпен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Күршім ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы Р.Кизаметдиновпен халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында Зайсан ауданының Дайыр, Жамбыл, Көкжыра ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету, сондай-ақ интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары мен жеке деректерді қорғау тәсілдерін түсіндіру.
Кездесу барысында азаматтарға өзекті мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының новеллалары түсіндірілді.