
2026 жылдың 27 сәуірінде «Заң және тәртіп» нарративі аясында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бас маманы Н.С. Токтаровамен Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Жеке сот орындаушысы болу жолдары» тақырыбы талқыланды. Студенттерге кандидаттарға қойылатын талаптар, тағылымдамадан өту тәртібі, біліктілік емтиханын тапсыру және лицензия алу кезеңдері түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясы нормалары түсіндіріліп, олардың құқықтық жүйедегі маңызы атап өтілді.
Сондай-ақ, жеке сот орындаушысының қызметіндегі практикалық аспектілерге, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етудегі рөліне және заңдылық пен кәсіби әдепті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, аталған салаға қызығушылық танытты.