
Зияткерлік меншік ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, өнертабыстарды, дизайн нысандарын және зияткерлік еңбектің өзге де нәтижелерін қамтиды. Әрбір осындай нысан автордың елеулі еңбегінің нәтижесінде жасалады және құқықтық қорғауға жатады.
Зияткерлік меншік құқығы болмаса, тіпті бір күннің өзінде кез келген адам бөтен туындыларды құқық иесінің келісімінсіз және авторлығын көрсетпей еркін пайдаланып, көшіріп, тарата алар еді. Бұл авторлардың құқықтарының бұзылуына, шығармашылық қызметке деген ынтаның төмендеуіне және жалпы қоғамның дамуына кері әсерін тигізер еді.
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DXY3yIrjJZN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==