Онлайн-кеңес өткізілді

Онлайн-кеңес өткізілді

2026 жылғы 17 сәуірде ШҚО Әділет департаментінің басшысы Айгуль Туктыбаеваның төрағалығымен, ШҚО Нотариаттық палатасының төрайымы Жанна Бидельманованың және ШҚО Нотариаттық палатасының басқарма мүшелерінің қатысуымен онлайн-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың тағылымдамадан өту кезеңінде құжаттарды қабылдау кезінде заңнама талаптарының сақталуы мәселелері талқыланды.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеруде формалды тәсілге жол бермеу және оларды жан-жақты, мұқият зерделеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, үміткерлердің еңбек өтілі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруді қамтамасыз ету, олардың ақпараттық жүйелерде дұрыс көрсетілуі, сондай-ақ ұсынылған дипломдардың белгіленген біліктілік талаптарына (жоғары заңгерлік білім, кемінде бакалавр дәрежесі) сәйкестігіне қатысты проблемалық мәселелер қаралды.