«Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновациялар» тақырыбында фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайнының республикалық конкурсы

«Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновациялар» тақырыбында фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайнының республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары Комитеті келесі тақырыпта фитнеспен айналасуға арналған спорттық киім дизайнының республикалық  конкурсын өткізетінін  хабарлайды.

«Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша 10-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері арасында өткізілетін республикалық конкурс жарияланды.

Өткізу мерзімдері: 2026 жылдың 20 сәуірімен 14 мамыр аралығында.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:
▪︎Өңірлік кезең (облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде);
▪︎Республикалық кезең (Комитетте).

🔹️Өтінімдерді қабылдау: 20-30 сәуір 2026 жыл
🔹️Үздік жұмыстарды іріктеу: 6 мамырға дейін
🔹️Республикалық кезең: 12-14 мамыр

Конкурстық жұмысқа қойылатын талаптар:
Қатысушылар тұрғылықты жері бойынша Әділет департаментінің электрондық поштасына жібереді📩 g.sarbasova@adilet.gov.kz 

Ұсынылатын құжаттар:
🔹️конкурсқа қатысуға өтінім;
🔹️туу туралы куәлік немесе жеке куәлік көшірмесі;
🔹️спорттық киім дизайнының эскизі және жұмыстың сипаттамасы(электронды түрде).