
Ағымдағы жылдың 09 сәуірінде «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен және ШҚО «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік бөлімімен кездесу өткізді. Іс- шара Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандардарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Шығыс Қазақстан облысының аумағында өндірілетін және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне тіркелген өнімдерді әлемдік нарықта танылуын арттыру, оларды ішкі және сыртқы нарықтарда дамыту, тауарлардың ұлттық брендін дамыту мақсатында өткізілді.
Кездесуге қатысушылармен ЖК «Висмер Полина Павловна» Шемонаиха нанының тіркелген өнімінің оң әсері маркетингке географиялық көрсеткіштерге, ауылдық аймақтарды дамытуға, танымалдықты арттыруға, туристерді тартуға, экспортты кеңейтуге ықпал ететіңдігі туралы және т.б. мәселелер де талқыланды.
«Кездесу» қорытындысы бойынша қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берілді.