Өскемен қаласының креативті даму орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

Өскемен қаласының креативті даму орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 03 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандарымен Өскемен қаласының креативті даму орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында 21 сәуір Дүниежүзілік шығармашылық және инновация күніне және 26 сәуір — Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар туралы жан-жақты талқыланып, ұсыныстар қарастырылып нақты жоспарлар жасалынды.

Алдағы уақытта аталған іс-шаралар аясында түрлі форматтағы кездесулер, ақпараттық және танымдық шаралар өткізу жоспарлануда.