
31.03.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімдері сот орындаушыларының қатысуымен жоспарлы кеңес өткізіліп, бақылау шотындағы қолма-қол ақша қаражаттарын уақытылы аудару мәселелері қаралды.
Кеңес барысында бақылау шотындағы қолма-қол ақша қаражаттарын аудару тәртібі түсіндірілді. Қаражаттарды олардың түсуіне қарай жедел аудару және қалдықтардың қалыптасуына жол бермеу қажеттігі көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша бақылау шотындағы қолма-қол ақша қаражаттарын уақытылы аудару бойынша бақылауды күшейту, олардың қозғалысына күнделікті мониторинг жүргізу және шоттардағы қалдықтарды азайту жөніндегі шаралар қабылдау тапсырылды.