
Ағымдағы жылдың 30 наурызында «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Г.Сарбасова Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік бөлімімен семинар өткізді.
Іс- шара Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандардарының және ауданның жеке кәсіпкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинар Тарбағатай ауданының аумағында өндірілетін өнімді Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне тіркеу тәртібін талқылау, мемлекеттік тізілімге енген өнімді әлемдік нарықта танылдыру, туристтік индустрияны дамыту мақсатында өткізілді.
Қатысушылармен Географиялық нұсқаманы алу маркетингті, ауылдық аймақтарды дамытуға, танымалдықты арттыруға, туристерді тартуға, экспортты кеңейтуге ықпал ететіңдігі туралы және т.б. мәселелер де талқыланды.
Тарбағатай ауданының ауылшаруашылық бөлімімен ауданда өндірілетін қымыз «Барқытбелдің бал дәмі» алдағы уақытта Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді ұсынды.
Қорытындылай келе, әлемдік нарықта ұлттық өнім дәрежесімен танылуға мүмкіндігі жоғары және ұлттық бренд бола алатын жергілікті ауыл шаруашылығы өнімі белгіленді және өнімді одан әрі ілгерілету мақсатында маркетинг және мемлекеттің, бизнестің және өндірушілер қауымдастығының тығыз өзара іс-қимылы жөніндегі шаралары қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берілді.