Шығыс Қазақстан облысыӘділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары ұлттық киімге арналған «SAQ Code: Біздің мұрамыз» іс-шарасына қатысты

Шығыс Қазақстан облысыӘділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары ұлттық киімге арналған «SAQ Code: Біздің мұрамыз» іс-шарасына қатысты

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Шығыс Қазақстан облысыӘділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары ұлттық киімге арналған «SAQ Code: Біздің мұрамыз» іс-шарасына қатысты.Іс-шара дәстүрлі элементтерден бастап заманауи дизайнерлік шешімдерге дейінгі қазақ ұлттық киімінің ерекшеліктерін қамтыды.Ұлттық киім халқымыздың рухымен тарихының айнасы.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының дизайнерлеріне авторлық құқықтарды қорғау, өз еңбектерін қорғау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу және зяткерлік меншік объектілерін заңды түрде пайдалану жолдары түсіндірілді.

Шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарды уақтылы рәсімдеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өз брендтері мен креативті жобаларын дамыту үшін пайдалы ақпарат пен тәжірибелік ұсынымдар алды.

Іс-шара тәжірибе алмасу мен дизайн саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған тиімді алаңға айналды.