
17.03.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен "Қазақстан-Американдық еркін университетінің" студенттерімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті!» тақырыбында семинар өткізілді.
Шараның мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына қатысты түсіндірмелер беріліп, студенттерді сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікті» дамыту қажеттігі айтылды.
Шара соңында студенттер тарапынан келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.