Оқушыларға профилактикалық дәріс өткізілді

Оқушыларға профилактикалық дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімімен
«Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «№14 орта мектебінің» құқықтық сауаттылықты арттыруға және жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған профилактикалық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ «Есірткіге жол жоқ» тақырыбы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері қарастырылды.

Оқушыларға интернет желісінде қауіпсіздік ережелері, кездесуі мүмкін қауіп-қатерлер және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және одан сақтану жолдары түсіндірілді. Дәріс барысында оқушылар арасында бір-біріне құрметпен қарау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыруға және шынайы өмірде де, цифрлық ортада да саналы мінез-құлық ұстануға ықпал етеді.