Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

2026 жылы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылық құрамымен және Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтар, азаматтық хал актілері мен ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің қате көрсетілуімен қабылданған өтініштердің саны, сондай-ақ ХҚКО қызметкерлерінің кінәсінен тіркелген бас тартулар саны бойынша мәселелер қаралды. Осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында олардың туындау себептері мен негіздері түсіндірілді. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты кооперативтерді, атап айтқанда пәтер иелері кооперативтері мен пәтер иелері тұтыну кооперативтерін мемлекеттік қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жиналыс хаттамаларында көрсетілетін мәліметтердің мазмұны, кворумның сақталуы, жиналыстың күн тәртібіне енгізілуге тиіс мәселелердің тізбесі, сондай-ақ хаттамаға қоса берілетін құжаттар мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Заңның 51-3-бабының ережелері түсіндірілді. Аталған бапқа сәйкес пәтер иелері кооперативін тіркеу үшін бастамашыл топ жалпы жиналыстарда өкілеттік берілген кондоминиумның екі және одан да көп объектілеріндегі пәтер иелерінің өкілдерінен құрылады. Осыған байланысты қайта тіркеу кезінде ПИК құрамына екі және одан да көп көппәтерлі тұрғын үйлер кіруі тиіс екендігі атап өтілді.

Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.