"Maxi Mall" сауда ойын орталығында жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Maxi Mall" сауда ойын орталығында  жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімімен «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау мақсатында «MAXI MALL» сауда-ойын-сауық орталығында кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тауар белгілерін құқықтық қорғау, оларды тіркеу тәртібі және кәсіпкерлік қызметте зияткерлік меншікті қорғаудың маңызы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тауар белгілерін заңсыз пайдалану мәселелеріне және мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түрлеріне ерекше назар аударылды.


Кәсіпкерлерге құқық иесінің рұқсатынсыз бөтен тауар белгісін пайдалану, сондай-ақ шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді қолдану азаматтық-құқықтық, әкімшілік және кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жеткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Осындай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және тауар белгілерін пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.