
2026 жылдың 06 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен «Тәртіпті өзіңнен баста!» Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ-нің оқушылары үшін қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау негізінде «Буллинг», «Кибербуллинг» және «Құмар ойындарға тәуелділік» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында аталған тақырып бойынша толық ақпарат беріліп, кері байланыс кезінде оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.