Онлайн-оқу семинары өткізілді

Онлайн-оқу семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 04 наурызында ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен облыстық «Алва» ҚКО телеарнасының және радио «Микс» өкілдерінің қатысуымен Zoom платформасында онлайн-оқу семинары өткізілді.
Шс-шара барысында авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүйесін цифрландыру, құқық иеленушілер мен пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету, ашықтық пен тиімділікті арттыру мәселелері талқыланды.
Жаңа бірыңғай цифрлық платформа құқық иелеріне өз туындылары бойынша ақпаратты жедел қадағалауға, есептілікті онлайн түрде алуға және төлемдердің ашық жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді Іс-шара барысында қатысушыларға платформаның мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, оны өңірлік деңгейде енгізу тетіктері түсіндірілді.