Халықпен кездесу өткізілді

Халықпен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Риддер қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша атқарушылық округтің жеке сот орындаушысымен бірлесіп "AMANAT" партиясының қалалық филиалында халықпен «Борышкердің мүлкіне (кепілге салынған мүлкіне) өндіріп алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Өткізілген іс-шара барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша консультациялар беріліп, атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталды.