
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормалары, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің белгіленген қауіпсіздік қағидаларын сақтау, өткізу режимін ұйымдастыру, инженерлік-техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, террористік сипаттағы қауіптер туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмі және құқық қорғау мен арнайы органдармен өзара іс-қимыл тәртібі жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және төтенше жағдайлар кезінде орнықты іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Аталған бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жалғасын табатын болады.