
️Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшы орынбасарының төрағалығымен, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ өңірлік өкілдігінің қызметкерлерінің қатысуымен Әділет департаменті қызметкерлері үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай талаптар туралы қызметкерлердің хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ оларды күнделікті қызметте қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Семинарды өткізу ақпараттық ресурстардың қорғалу деңгейін нығайтуға және қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.