«Атқарушылық жазбалар және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында семинар өткізілді

«Атқарушылық жазбалар және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында семинар өткізілді

2026 жылғы 28 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің  құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі ШҚО нотариаттық палатасының төрайымы Ж.Бидельманованың қатысуымен облыс нотариустарына «Атқарушылық жазбалар және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара барысында қаржылық мониторинг жүргізуді және атқарушылық жазбаларды жасау бөлігінде заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер талқыланды.

Жекеше нотариустардың атқарушылық жазбаларды жасау кезінде жиі жүйелі жол берілетін бұзушылықтардың негізгі санаттары, сондай-ақ нотариустармен нотариаттық әрекеттерді орындау кезінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жұмыс істеу ««Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. 

Семинар қорытыныдысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.