"Шығыс Адалдық Алаңы" аясында азаматтарға заң кеңес берілді

"Шығыс Адалдық Алаңы" аясында азаматтарға заң кеңес берілді

2020 жылдың 28 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарға жайлы жағдай жасау, ішкі сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру, мемлекеттік күш институтына азаматтардың сенімін көтеру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы  азаматтары үшін қабылдау өткізілді, азаматтарға заң кеңес берілді.

Өткізілген іс-шараға Әділет департаменті басшысының м.а. Бейсембек Әл-Сейіт, әкімшілік бөлімінің басшысы Альмира Алипова, нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Айдар Токтамуратов қатысты.

Қабылдау барысында 2 адамға кеңес берілді, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және алимент төлеу бойынша  сұрақтар түсті.

Сұрақ қойған азаматтарға толықтай жауап берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі