
Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалық өзгерістер» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.
Семинарға аумақтық әділет органдарының, ШҚО «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасының және жергілікті телерадиоарналарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында 2025 жылы қабылданған авторлық құқық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер, авторлық және сабақтас құқық объектілерін пайдалануға мемлекеттік бақылауды енгізу, ашықтықты артыру, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа арқылы ұжымдық құқықтық басқару жүйесін цифрландыру мәселесі талқыланды.
Бірыңғай цифрлық платформаның енгізілуі – саланы цифрландыру бағытындағы маңызды қадам және заманауи талаптарға сай құқықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға негіз болады.
Семинар қатысушыларына заңнамадағы өзекті өзгерістер мен оларды тәжирбеде қолдану тетіктері түсіндірілді.