Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің алқа отырысы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің алқа отырысы  өткізілді

2026 жылғы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында 2025 жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы баяндалып, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына арналған басым міндеттері айқындалды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы хаттамасында көзделген іс-шараларын уақтылы орындалуына, Әділет министрлігінің Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері жөніндегі жұмысты жандандыру, құқықтық түсіндіру сипатындағы іс-шараларды сапалы жүргізу, азаматтардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Әділет департаменті қызметкерлерінің Әдеп нормаларын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша мәселелері аталып өтті.