
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Г.С.Сарбасовамен «ALTAI-NEWS» медиа-орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінің қатысуымен ұжымдық құқықтық басқару саласында енгізіліп жатқан бірыңғай цифрлық платформаның іске қосылуына байланысты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында платформа арқылы авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқарудың жаңа тетіктері, цифрлық жүйенің негізгі мүмкіндіктері, оны пайдалану тәртібі және құқық иелері үшін беретін артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.
Аталған бірыңғай цифрлық платформа құқықтарды тіркеу, есепке алу және басқару үдерістерін автоматтандыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық иелері мен пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге бағытталғандығы айтылды.
Мұндай кездесулер салалық ұйымдармен өзара ынтымақтастықты нығайтып, цифрлық платформаны тиімді енгізуге ықпал етеді.