«Құқықтық қамқорлық» акциясы өткізілді

«Құқықтық қамқорлық»  акциясы өткізілді

2026 жылғы 15 қаңтарда 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті өкілдерімен, заң қауымдастықтарының өкілдерімен, Қазақстан-Американдық еркін университетінің заң клиникасының жетекшісі мен студенттерінің қатысуымен «Құқықтық қамқорлық» атты акциясы өткізілді.
Акция өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсететін «Ана үйі» ресурстық орталығының базасында, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Демеу» дағдарыс бөлімшесінде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылармен өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға тегін білікті заң көмегі көрсетілді.
Акция аясында қатысушылар аталған тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, құжаттарды қалпына келтіру және рәсімдеу, алимент өндіру, әкелікті анықтау мәселелері бойынша кәсіби құқықтық кеңестер берді. Сондай-ақ құқықтық қорғау тетіктері мен уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі түсіндірілді.
Аталған акцияны іске асыру халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың осал санаттары үшін құқықтық қолдаудың тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DTkjQuljHsa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==