Азаматтарды қабылдау өткізілді

Азаматтарды қабылдау өткізілді

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Шемонаиха ауданаралық әділет басқармасының басшысы Юрий Агзамович Косинов азаматтардың қабылдауын өткізді.

Шараның мақсаты - халыққа құқықтық көмек көрсету, заңнаманы түсіндіру және  азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру болып табылады.

Шараның соңында барлық жүгінген азаматтарға заңды тұлғаларды мемелекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы түсініктеме берді. Қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі