
Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу кабинетінің аға оқытушысы Г.О.Берекполованың қатысуымен қызметкерлерге «Эмоционалды интеллект және инновациялық ойлау» атты семинар өткізілді.
Семинар барысында Әділет департаменті қызметкерлері өз әріптестерімен сенімді қарым-қатынас орнату, жанжалдарды болдырмау және шешу туралы мазмұнды ақпарат алды, сонымен қатар осы тақырып бойынша практикалық тапсырмаларға қатысты.